Жаңалықтар

ПІБ Медорталығының дәрігерлері Түркістан облысында 28 күрделі операция жасады

ПІБ Медорталығының дәрігерлері Түркістан облысында 28 күрделі операция жасады
Фото: ҚР ПІБ 27.04.2024 23:28 404

Осы аптада ҚР ПІБ Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері өтті. Медорталықтың нейрохирург, аритмолог, гинеколог, пульмонолог, уролог және басқа да білікті мамандары 28 операция жасап,  370-тен астам адамға консультациялық көмек берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер Түркістан өңірінде бұрын-соңды жасалмаған күрделі операцияларды сәтті өткізгенін,  олардың көмегіне жүгінгендердің басым бөлігі ауыр диагнозы бар науқастар екенін айта кетейік. Бұдан бөлек, елордалық және алматылық мамандардың 51 презентациясы мен шеберлік сабақтарына 900-ден астам адам қатысты.

Сапар аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Түркістан облысының әкімдігі арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Апта ішінде Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының өкілдері жергілікті әріптестеріне алғашқы медициналық-санитарлық көмек тақырыбында бірқатар презентация жасады. «Оқжетпес» ЕСК АҚ Алматы филиалының өкілдері Түркістан облысының халқы мен кәсіпкерлерін «Оқжетпес» шипажайлар брендінің медициналық мүмкіндіктерімен және оңалту бағдарламаларымен таныстырды.  

Іс-шара ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ұйымдастыруымен, облыстық әкімдіктер мен денсаулық сақтау басқармаларының қолдауымен өтіп жатқанын айта кетейік. Биыл екінші рет өткізіліп отырған ауқымды жоба аясында Медорталық мамандарынан құралған делегация бұған дейін Қарағанды, Павлодар облыстарына барды. Жыл соңына дейін еліміздің барлық өңірлері қамтылуға тиіс.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға