Жаңалықтар

Тек қыздардан құралған экипаж алғашқы рейсін жасады

Тек қыздардан құралған экипаж алғашқы рейсін жасады
Фото: ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 10.05.2024 15:35 410

Тек қыздардан құралған экипаж Тараз аэродромындағы Азаматтық авиация академиясында ұшу тәжірибесі тарихындағы алғашқы рейсін жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Экипаж құрамында нұсқаушы ұшқыш Аделина Луценко мен студент Екатерина Степина болған. Олар Tecnam 2002JF бір қозғалтқышты оқу-жаттығу ұшағында аспанға көтерілді.

Халықаралық дәрежедегі нұсқаушы ұшқыш Аделина Луценко осы тарихи экипаждың құрамында болғанын мақтан тұтатынын айтты.

Еске салайық, Аделина Луценко бұған дейін Испанияда Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) сертификаттауынан өткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға