Жаңалықтар

11-сынып оқушысы мектеп директорын атып өлтірді

11-сынып оқушысы мектеп директорын атып өлтірді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 10.05.2024 15:04 12156

Стамбұл қаласындағы Final Academy Эйюпсултан мектебінде қайғылы оқиға орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

11-сынып оқушысы 2023 жылдың соңында тәртібінің нашарлығынан мектептен шығарылған. Бірнеше айды араға салып оқушы бұрынғы мектебіне келіп, директорды  кабинетінде бес рет атып өлтірген.

Оқиға орнында ауыр жараланған 74 жастағы директор ауруханаға жеткізілгенімен көп ұзамай қайтыс болды. Бірнеше сағаттан кейін ұсталған 17 жастағы оқушы Түркияда оқитын Ирак азаматы екен. Ауыр қылмыс жасаған жасөспірім қамауға алынды.

Тергеу кезінде ол өзін мектептен қуған директорды аяғынан жаралап қорқытпақ болғанын айтқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға