Жаңалықтар

«Бишімбаев та «өлді». Адвокат Бишімбаевтың қазіргі жағдайы туралы

«Бишімбаев та «өлді». Адвокат Бишімбаевтың қазіргі жағдайы туралы
Фото: Жоғарғы сот 03.05.2024 14:48 15299

Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысындағы жарыссөзде адвокат Назкен Құсайынова айыпталушының қазіргі жағдайына назар аударуды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Салтанат қайтыс болған күні Бишімбаев та «өлді».

Салтанаттың қайтыс болғанын түсінемін, алайда ана бұрышта Бишімбаев «тірі» отыр деп ойламаймын. Ол да сол оқиға болған күні «өлді». Балалары одан бас тартты, барлығы оны «кісі өлтіруші» деп айта бастады. Сіздер (алқабилер) дұрыс шешім қабылдасаңыздар екен, - деп мәлімдеді адвокат.

Адвокат Бишімбаев сүйіктісінің өлетінін білмей, ұйқышылдықпен шатастырып алғанын айтып, ақтады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға