Жаңалықтар

Түркістан облысында 9-сынып оқушысын зорлаған 10-сынып оқушысы қамауға алынды

Түркістан облысында 9-сынып оқушысын зорлаған 10-сынып оқушысы қамауға алынды
Фото: ©Pixabay.com 24.04.2024 14:50 15945

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы ауылдардың бірінде мектеп жасындағы қызды зорлады деген күдікпен кәмелет жасқа толмаған бала ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция аталған фактіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

Күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сараптама тағайындаумен қатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Барлық жағдайлар анықталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды, - делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Әлеуметтік желіде 10-сынып оқушысы 9-сыныпта оқитын оқушы қызды зорлағаны туралы ақпарат таралып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға