Жаңалықтар

Еліміздегі су қоймаларындағы ахуал қандай

Еліміздегі су қоймаларындағы ахуал қандай
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі 09.05.2024 04:39 326

Батыс Қазақстан облысының төрт ірі су қоймасы 92%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 100%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы. Нысандар транзиттік режимде жұмыс істейді. Есіл өзеніндегі су тасқынының екінші кезеңі жалғасып жатыр. Су ағыны төмендеп жатыр.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 96%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Өңірде су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 83,6%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 48,6%-ға толды. Аймақта су тасқыны жалғасуда. Шүлбі су қоймасына бүйірлік салалардың ұлғаюына байланысты Ертіс өзеніне су ағыны жалғасуда.

Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 99%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді. Аймақтағы су тасқынының белсенді кезеңі өтті.

Су қоймаларында «Қазсушар» мамандарының кезекшілігі және су шаруашылығы жағдайының мониторингі жалғасып жатыр. Су қоймаларында жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға