Жаңалықтар

Елімізде жарты сағат ішінде 2 бала терезеден құлап кетті

Елімізде жарты сағат ішінде 2 бала терезеден құлап кетті
Фото: El.kz 09.05.2024 07:22 587

Бірінші жағдай Қарағанды облысының Шахтинск қаласында болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтердің терезесінен екі жасар қыз бала құлап түсті. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.

Екінші жағдай Семей қаласында орын алды, онда 3 жасар қыз бала 2 қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Екі жағдайда да балалар ересектердің қарауынсыз қалған.

ТЖМ еске салады:❌

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;❌

Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған;❌

Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға