Жаңалықтар

Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Фото: Ақорда 09.05.2024 10:16 291

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай аты аңызға айналған ұшқыш, 1945 жылғы Жеңіс шеруіне қатысқан қаһарман, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, еңселі ескерткіш 2021 жылы Астана қаласындағы Сарыарқа даңғылы мен Талғат Бигелдинов көшелерінің қиылысында бой көтерген болатын.

Іс-шараға Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

Ерлан Қарин Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Сурет: Ақорда

Жиынға қатысушылар Жеңіс жолында ерлікпен шайқасқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға