Жаңалықтар

Бишімбаев пен Байжановтың тағдырын үш сұрақ шешеді

Бишімбаев пен Байжановтың тағдырын үш сұрақ шешеді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 10.05.2024 09:50 1884

6 мамырда өткен сот отырысында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөздерін айтты. Бүгін, 10 мамырда сағат 10.00-де сұрақтарды талқылау өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 653-бабының 1-бөлігіне сәйкес алқабилер мәселелерді талқылау және тұжырымдау уақытында сот отырысы залынан шығарылады.

Заңгер Данияр Байғабатов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚІЖК-нің 653-бабының екінші бөлігіне сәйкес әрбір тарап сұрақтардың мазмұны мен тұжырымы бойынша өз ескертулерін айтады, сондай-ақ олар жаңа сұрақтар қою туралы ұсыныстар жасайды.

Судья тараптардың ескертулері мен ұсыныстарын назарға ала отырып, кеңесу бөлмесінде мәселелерді түпкілікті тұжырымдай отырып, оларды сұрақ парағына жазады және оған қол қояды. Залға оралғаннан кейін судья тараптар мен алқабилердің қатысуымен сұрақ парағын жариялайды.

Осыдан кейін сұрақтар тұжырымын өзгертуге, сұрақ парағынан сұрақтарды алып тастауға, оған жаңа сұрақтарды енгізуге жол берілмейді.

Әрбір айыпталушы бойынша келесі үш сұрақ қойылады:

  • қылмыстың болғаны дәлелденді ме?
  • бұл қылмысты сотталушы жасағаны дәлелденген бе?
  • сотталушы бұл қылмысты жасағаны үшін кінәлі ме?
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға