Жаңалықтар

Философия ғылымдарының докторы Эльмира Ибраева өмірден озды

Философия ғылымдарының докторы Эльмира Ибраева өмірден озды
Фото: facebook.com/Серікзат Дүйсенқазы 10.05.2024 01:04 1089

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінде көп жылдар ұстаздық еткен телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, философия ғылымдарының докторы (PhD) Эльмира Ибраева өмірден озды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаралы хабарды ақын, Л.Гумилев атындағы университеттің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Серікзат Дүйсеннғазы желі парақшасында жазды.

Эльмира Ерікқызы ұзақ уақыт денсаулығы сыр беріп, дертімен күресіп келген. Алайда 9 мамыр кешкі уақытта дүниеден өтті. 

Кафедрамыздың мүшесі, аяулы әріптесіміздің мезгілсіз қазасына қабырғамыз қайыса отырып, ата-анасына, отбасына, туған-туыстарына ұжымның атынан қайғырып көңіл айтамыз. Алла алдынан жарылқасын! Марқұмды жерлеу рәсімінің уақытын таңертең қосымша хабарлаймыз,-делінген жазбада. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға