Жаңалықтар

Павлодарда кеме капитаны суға батып кетті

Павлодарда кеме капитаны суға батып кетті
Фото: pavlodarnews.kz 10.05.2024 00:18 696

Павлодар облысы Аққулы ауданында кеме капитаны суға батып кетті. Оны іздеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.  

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 мамырда 23:25-те 102-ден Аққулы ауданының Шабар ауылы маңындағы Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түскен. 

9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте жұмыс нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр. 

Таң атқанда сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға