Жаңалықтар

Астанадағы Grand Slam: Сметов ширек финалда, Шамшадин бірінші белдесуде жеңілді

Астанадағы Grand Slam: Сметов ширек финалда, Шамшадин бірінші белдесуде жеңілді
Фото: ҚР ҰОК 10.05.2024 13:15 326

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінде іріктеу кезеңі жалғасып жатыр. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

60 келі салмақтағы Елдос Сметов 1/8 айналымда марокколық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Ширек финалда Сметов ресейлік Рамазан Абдуллаевпен белдеседі. 

Өкінішке қарай, Мағжан Шамшадин бірінші кездесуде ұтылды. Жақында ғана Душанбеден күміспен оралған ол әзербайжандық Назир Талибовке қосымша уақытта есе жіберді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға