Жаңалықтар

Өзбекстан азаматтары Ресей заңнамасын бұзса, Қазақстанға кірмеуі мүмкін

Өзбекстан азаматтары Ресей заңнамасын бұзса, Қазақстанға кірмеуі мүмкін
Фото: gov.kz 10.05.2024 10:50 278

Енді Өзбекстан азаматтары бұрын Ресей заңнамасын бұзған болса, Қазақстанға кірмеуі мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға келу тәртіптерінің өзгеруіне байланысты өзбекстандықтардан жеке басын куәландыратын құжаттарды үнемі өзімен бірге алып жүруін, сондай-ақ арнайы ресми сервистер арқылы өзіне қатысты деректерді тексеруге үндеді.

«Әкімшілік және қылмыстық істер бойынша шешімдерді өзара тану және орындау туралы» Ресей мен Қазақстан арасындағы келісімге сай, қазақстандық құзыретті органдар Ресейдің көші-қон және өзге де заңнамасын бұзғандарды немесе төленбеген айыппұлдардың бар-жоғын тексере алады. Егер жоғарыда аталған талаптардың бірі сақталмаған жағдайда Қазақстан билігі Өзбекстан азаматының елге кіруіне немесе одан шығуына жол бермеу шешімін қабылдауы мүмкін, - делінген Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігі таратқан хабарламада.

Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан азаматтары өзбек-қазақ немесе Ресей-Қазақстан шекарасын кесіп өткен кезде Қазақстанға ғана емес, Ресей Федерациясына да кіруге ешқандай кедергілердің жоқтығына алдын ала көз жеткізуі керек екенін атап өтті.

Айта кетейік, 7 мамырда Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі де өз азаматтарына Қазақстанға аттанар алдында барлық қажетті құжаттарды алуды ұсынған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға