Жаңалықтар

Астаналық велошабандоз Венгрия турының екінші кезеңінде жеңіске жетті

Астаналық велошабандоз Венгрия турының екінші кезеңінде жеңіске жетті
Фото: sports.kz 10.05.2024 02:17 398

"Венгрия туры" көпкүндік веложарысының екінші кезеңінің қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Мәре сызығын бірінші болып "Астана" командасының ойыншысы, британдық велошабандоз Марк Кавендиш кесті. Екінші орынды Jayco AlUla командасының атынан шыққан Нидерланды өкілі Дилан Гроневеген иеленді. «Эускалтель-Эускади» ойыншысы, испандық велошабандоз Ион Аберастури үшінші болып мәреге жетті.

Астаналық қалған шабандоздар кезеңді келесі нәтижелермен аяқтады: Микаэль Меркев – 17-ші, Кейс Бол – 41-ші, Глеб Сирица – 103-ші, Евгений Гидич – 104-ші, Мишель Гадзоли – 105-ші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға