Жаңалықтар

Марат Ахметжанов су тасқынынан зардап шеккен Көкшетау тұрғындарымен кездесті

Марат Ахметжанов су тасқынынан зардап шеккен Көкшетау тұрғындарымен кездесті
Фото: Ақмола облысының әкімдігі 31.03.2024 14:38 294

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айна Мысырәлімова мен Юлия Кучинская 11 эвакуацияланған отбасы орналасқан әлеуметтік бейімдеу орталығына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңір басшысы барлық қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті. Облыста және Көкшетауда ТЖ салдарын жою жөніндегі комиссиялар құрылды.  Қазір жергілікті атқарушы органдардың және ТЖ күшімен су сору жүріп жатыр. Мақашевтар жұбайлары 7 баласы бар орталыққа 29 наурызға қараған түні келген. 

Бізді оятқанда өте қорқынышты болды. Бүгін маған балаларымды мектепте оқыту мәселесін шешуге көмектесті және барлық қажетті кеңсе заттарын алып келді, - деді Әйгерім Мақашева.

Өз кезегінде Марат Ахметжанов Көкшетау қаласының әкімі көпбалалы отбасы үшін тұрғын үй мәселесін қысқа мерзімде және білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалинге барлық эвакуацияланған тұрғындарды оқыту сұрақтарын шешуді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға