Жаңалықтар

Елдос Сметов - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері

Елдос Сметов - Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының қола жүлдегері
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы 10.05.2024 17:37 574

Астана өтіп жатқан дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Елдос Сметов қола жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шешуші белдесуді отандасымыз Әзірбайжан спортшысы Ахмад Юсифовпен өткізді.

Үшінші орын үшін Елдос Сметовқа әлемдік рейтингте 500 ұпай қосылады.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam басталды. Әлемдік дода ережесі бойынша 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

Олимпиадаға рейтингтік ұпай үлестретін соңғы Grand Slam 12 мамырға дейін жалғасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға