Жаңалықтар

Елордада әкелер форумына 100-ден астам әке қатысты

Елордада әкелер форумына 100-ден астам әке қатысты
Фото: Видеодан кадр 28.04.2024 01:23 597

Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында өткен әкелер форумына жүзден астам әке қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Жиында ер азаматтың отбасындағы рөлі кеңінен сөз болды. Ашық диалог алаңында мамандар әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты күшейтіп, ұлттық болмысты тәрбие құралы ретінде пайдалануға үндеді. Форумның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайтып, бала тәрбиесінде ер азаматтардың жауапкершілігін арттыру.

Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі атты бірінші әкелер форумының өткізілуінде балаларымыздың тәрбиесінде  ерекше орны бар екенін сезіп отырмыз. Әрбір сыныптың әкелері бүгінгі іс-шараға қатысып, өзіне айтылған жақсы әңгімелерден түйіндеп, өз қыздарындағы, ұлдарындағы тәрбиесін жетелейді деген сенімде осындай керемет шара ұйымдастырып отырмыз, - дейді қалалық дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының директоры  Рахим Үркімбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға