Жаңалықтар

Үкімет аппараты Астанада 150-ге жуық көшет отырғызды

Үкімет аппараты Астанада 150-ге жуық көшет отырғызды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі 27.04.2024 15:06 334

Қазақстан Үкіметі аппаратының басшылығы мен қызметкерлері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен қалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет Аппаратының қызметкерлері «EXPO» аумағында 150-ге жуық көшет отырғызды, оның ішінде емен, қайың, шырша, сағызқарағай және басқа да ағаш түрлері бар.

Экологиялық акцияның 3 аптасында 4,6 мыңнан астам тонна қоқыс шығарылды. Астанада 50 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Биыл елордада барлығы 1,1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызу жоспарда бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға