Жаңалықтар

Ақмола облысында 1,4 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

Ақмола облысында 1,4 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 28.03.2024 20:07 337

Ақмола облысының Сандықтау ауданының прокуратурасы шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді жалға беру фактісін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас прокуратура мәліметінше, мемлекет басшысының 2016 жылғы 6 мамырдағы мораторий енгізу туралы жарлығын бұза отырып, шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалға беру шарттарында уақытша жер пайдалану құқығын беру фактілері анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша сот шешімімен мемлекеттік қорға кадастрлық құны 42,5 млн теңге болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы шетелдік тұлғаға заңсыз берілген 1,4 мың гектар жер қайтарылды, - делінген мәліметте.

Жер заңнамасының сақталуының заңдылығы мәселесі қадағалау органының тұрақты бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға