Жаңалықтар

Қазгидромет: Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазгидромет: Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Фото: ortcom.kz 28.04.2024 12:00 364

Синоптиктердің болжамы бойынша 28 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Спикердің сөзінше, атмосфералық фронталды бөлімдермен солтүстік және оңтүстік өңірлерінде найзағаймен жаңбыр жауады. Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-шығыста кей уақыттарда қатты жауын-шашын жауады. 

Еліміздің батысына, шығысына, орталығына антициклон әсер етеді, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ, оңтүстігінде дауыл, шаңды дауыл, оңтүстік-шығысында тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысының түнде шығысында, таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі, - деді Алина Исмагулова.

Ал Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының солтүстігінде, Абай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға