Жаңалықтар

Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау туралы келісім мерзімі 10 жылға ұзартылды

Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау туралы келісім мерзімі 10 жылға ұзартылды
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 02.05.2024 11:27 1669

Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау туралы келісім 2034 жылға дейін созылды. Бұл туралы Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сенаторлар «2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына ресейлік мұнайды тасымалдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарады. Сүйіндік Алдашев заңға қандай өзгерістер енгізілетініне тоқталды.

2014 жылдан бастап 2023 жылға дейін Ресей Федерациясынан Қазақстан аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына 90 млн тонна мұнай жөнелтілді. Енді осы келісімді 2034 жылға дейін созу көзделіп отыр. Бұл хаттамаға тиісті негізгі өзгерістер: тасымалдау тарифін өзектендіруден, мұнай транзиті көлемінің өзгеруінен, келісім мерзімінің ұзартылуынан тұрады, – дейді Сүйіндік Алдашев.

Сенат депутатының сөзінше, аталған келісімнің Қазақстан үшін, оның экономикасын дамыту үшін маңызы зор.

Бұл келісім арқылы еліміздің экономикасына қомақты қаржы түседі. Өткен 10 жылда 1,3 млрд АҚШ доллар түссе, қол қойылған келісім бойынша түсетін қаржы 1,7 млрд АҚШ долларын құрайды деп отырмыз, – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға