Жаңалықтар

Ташкентте көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты басталады

Ташкентте көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты басталады
Фото: ҚР ҰОК 02.05.2024 11:16 427

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан Азия біріншілігі басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, құрлық додасында Қазақстаннан жалпы есебі 8 спортшы бақ сынайды. 

Жекелей сында Эльжана Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді. 

Ал топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко, София Ан сынға түседі. 

Айта кетелік, осы Азия чемпионатында жекелей сыннан 1, топтық жаттығудан 1 олимпиадалық квота ойнатылады. 

Лицензия көпсайыс нәтижесі бойынша беріледі. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға