Жаңалықтар

Жоғалған жылқыларын іздеуге шыққан ерлі-зайыптылар қар құрсауында қалып қойды

Жоғалған жылқыларын іздеуге шыққан ерлі-зайыптылар қар құрсауында қалып қойды
Фото: Видеодан кадр 12.01.2024 08:05 929

Екібастұзда жоғалған жылқыларын іздеуге шыққан ерлі-зайыптылар қар құрсауында қалып қойды. Абырой болғанда оларға полицейлер көмекке келген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, Бесқауға ауылының тұрғыны учаскелік инспекторге 9 бас жылқының жоғалғаны туралы арызбен жүгінген. Белгілі болғандай, ауыл тұрғыны екі күн бойы жылқыны өздігінен іздеген, бірақ нәтиже болмапты.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Организация (@dp_pavlodar)

Біз жылқыларды бірден іздеуді бастадық. Маған зейнеткер Бөгенбай Көпеев қоңырау шалып, жұбайымен бірге далада қар құрсауында қалып қойғанын хабарлады. Әріптесім екеуміз бірден аталған жерге қарай бет алдық. Көлікті қар үйіндісінен шығаруға көмектестік. Содан кейін автокөлікті сүйреп алып, шығарып алдық, - деді учаскелік полицей Жәнібек Қасымов.

Оқи отырыңыз: 

Кейін тәртіп сақшылары жылқыларды іздеуді жалғастырып, төрт түлік ауылдан 15 км шақырым жерден табылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға