Жаңалықтар

Ұшқыштар Ақтөбеде су басқан ғимарат төбесіндегі адамдарды құтқарды

Ұшқыштар Ақтөбеде су басқан ғимарат төбесіндегі адамдарды құтқарды
Фото: Видеодан кадр 30.03.2024 12:02 406

Ақтөбе облысында Қорғаныс министрлігінің ұшқыштары су басқан ғимараттың төбесіндегі адамдарды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшақ экипажының шебер қимылының арқасында Ойыл ауданы Берсиев ауылының 15 тұрғыны құтқарылды.

Қорғаныс министрлігінің мәліметіше, эвакуациялық іс-шаралар кезінде Ми-8 тікұшағының экипажы Берсиев ауылының шетіндегі қиын жағдай туралы рация бойынша хабарлама алған. 

Тасқынның кесірінен елдімекеннен кету мүмкіндігінен айырылған тұрғындар бұл кезде үлкен жылдамдықпен келген суға батып кеткен шаруашылық құрылыстың төбесінде болатын.

Экипаж жедел түрде әуеге көтеріліп, зардап шеккендер тұрған жерге жетті. Тікұшақ құрылыстың төбесінен бір метр қашықтықта көмек күткен адамдарды қабылдап, Ақтөбе қаласының әуежайына эвакуациялады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға