Жаңалықтар

СҚО-да жолға жатып алған келіншекті көлік қағып мерт қылды

СҚО-да жолға жатып алған келіншекті көлік қағып мерт қылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 31.03.2024 12:18 544

Петропавлдағы Жұмысшы кентінде әйел көлік астына түсіп қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы көшедегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған. Бейнежазбадан көшеде тұрған әйелдің жол ортасына барып жатқанын көруге болады. Бір сәтте оны қатты жылдамдықпен келген көлік қағып кетті. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы 30 наурыз күні болған.

«Ауди» көлігінің 34 жастағы жүргізушісі 43 жастағы жүргіншіні соқты. Жүргізуші жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кетті. Полиция қызметкерлері ер адамды жедел түрде анықтады. Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болған. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында барлық тиісті шаралар қолға алынды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға