Жаңалықтар

Семейлік спортшы әкімдіктен пәтер алғаннан кейін бір ай өткенде қайтыс болды

Семейлік спортшы әкімдіктен пәтер алғаннан кейін бір ай өткенде қайтыс болды
Фото: Abai News 09.07.2023 10:50 865

Семейде Сурдолимпиада ойындарының қола жүлдегері Ләззат Бақтиярова кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Abai News Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

Марқұм спортшы түрлі әлемдік турнирлер мен дзюдо чемпионаттарында нашар еститін спортшылар қатарында Қазақстанның намысын қорғап жүрген еді. 

Ол әлем чемпионатының, XXIV жазғы Сурдолимпиада ойындарының және алғашқы Азия-Тынық мұхиты ойындарының қола жүлдегері. Ол спортта үлкен биіктерге жетті және одан да биік шыңдарды бағындыруға үлкен үміт күттірген еді. 

Облыстық спорт басқармасы Ләззат Бақтиярованың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты.

Естеріңізге сала кетсек, 9 маусымда спортшы Семей әкімінің қолынан тұрғын үй қорынан «Қарағайлы» шағынауданындағы жаңа пәтердің кілтін тегін алған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға