Жаңалықтар

Қызылордада жүк пойызы 11 қойды қағып кетті

Қызылордада жүк пойызы 11 қойды қағып кетті
Фото: polisia.kz 03.05.2024 17:40 261

Қызылордада 11 қойды жүк пойызы қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, еліміздің теміржолдарында 522 рет үй жануарларын басып кету фактісі тіркелген. Оның ішінде 257 бас жылқы, 78 бас ірі қара, 86 ұсақ мал және басқалар бар.

Биыл мамыр айында Қызылорда облысының Жаңақорған – 26 РЗД-де жүк пойызының машинисі теміржолда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан. Соқтығысу нәтижесінде 11 бас қой пойыздың астына түсті. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады. Тексеру барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иесі болып табылатын 32 жастағы азаматты анықтады. Ер адам теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген мәліметте.

Көлік полициясының қызметкерлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да ескертеді және теміржол маңында үй жануарларын жаю кезінде мұқият болуды сұрайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға