Жаңалықтар

Қостанайда синтетикалық есірткі таратқан ерлі-зайыптылар ұсталды

Қостанайда синтетикалық есірткі таратқан ерлі-зайыптылар ұсталды
Фото: Видеодан кадр 30.01.2024 07:05 401

Қостанай облысының полицейлері синтетикалық есірткі таратқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Қылмыстық істің қатысушылары аймақ аумағында “синтетиканы” таратумен айналысқан.

Полицейлер 300-ден 500 граммға дейінгі есірткі партиясын алған жас ерлі-зайыптылар үйлерінде zip пакеттерге шағын дозаларға салып, одан әрі “қойып кету” арқылы таратқандығы анықтады. Әрқайсысында осындай 30-40 пакет болған.

“Қара нарықта” синтетикалық препараттың жарты келісі шамамен 15 миллион теңгені құрайды.

Біз 300 грамнан астам синтетикалық есірткіні, ақшаны және травматикалық қаруды тәркіледік. Заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталғандардың айтуынша, бұл мефедрон мен PVP болды, - деді Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Нұржан Ахметов. 

Ұсталған төрт күдікті қамауда отыр. Алдын ала келісу арқылы есірткіні заңсыз өткізгені үшін қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Қостанай облысының ПД өткен жылы заңсыз айналымнан 430 килограмм есірткі, оның ішінде 10 келіден астамы синтетикалық есірткі тәркіленгенін атап өтті.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Полиция Департаменті (@polisia_kostanay)

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға