Жаңалықтар

Қостанай облысында жеті сүт фермасы салынып жатыр

Қостанай облысында жеті сүт фермасы салынып жатыр
Фото: © iStock 24.11.2023 16:22 2435

Тағы 3 зауыт салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агентігі.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов сүт және сүт өнімдеріне импорттық тәуелділікті азайту және отандық өндірісті ұлғайту үшін болашақта кемінде 10 жаңа ірі өнеркәсіптік сүт фермасын салу жоспарланып отырғанын айтты.

Алғашқы 7 сүт-тауарлы фермасының құрылысы басталып кетті. Жаңа өнеркәсіптік сүт фермаларын ашу ұйымдасқан шаруашылықтағы өндірісті 30%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді және сүт өңдеу кәсіпорындарының қосымша жүктемесін 70%-дан 86%-ға дейін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ нарықты қосымша өнім көлемімен толтыру арқылы инфляцияны төмендетудің қосымша тетігі болады, - деді әкім.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға