Жаңалықтар

Қазақстанның барлық өңірі бір уақытқа ауысты

Қазақстанның барлық өңірі бір уақытқа ауысты
Фото: © Pixabay.com 29.02.2024 23:00 751

29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-ден бастап бірқатар өңірде сағат тілі 60 минутқа кейін шегерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтсақ, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері жергілікті уақытты бір сағатқа шегерді.

Бұған дейін  Қазақстанда UTC+5 және UTC+6 екі уақыт белдеуі қолданылып келді. Сөйте тұра ел аумағының көп бөлігі (батыс облыстарды қоспағанда) UTC+6 аймағында орналасқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға