Жаңалықтар

Қазақстандық боксшылар Бакудегі турнирде үш алтын жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Бакудегі турнирде үш алтын жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК 28.03.2024 23:09 460

Қазақстандық боксшылар Бакудегі (Әзербайжан) халықаралық турнирді үш алтынмен аяқтады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Финалда бес қазақстандық боксшы айқасып, оның үшеуі алтын медаль жеңіп алды.

Талғат Сырымбетов (60 келі) әзербайжандық Азрак Бабыровты, Дархан Дүйсебай (71 келі) өзбекстандық Бекзод Хамидовты, Сағындық Тоғамбай (92 келі) Олимпиада жүлдегері Альфонсо Домингесті жеңді. 

48 келідегі Теміртас Жүсіпов Хасан Маликовтен (Әзербайжан), Тимур Қабдешов (54 келі) өзбекстандық Хожаназар Нортожиевтен жеңілді.

Бекзат Таңатардың (86 келі) еншісінде қола медаль бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға