Жаңалықтар

Қарағанды облысының полициясына жаңа басшы тағайындалды

Қарағанды облысының полициясына жаңа басшы тағайындалды
Фото: Polisia.kz 28.03.2024 11:30 338

Неғмет Ысмағұлов Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Неғмет Ысмағұлов ішкі істер органдарында 1995 жылғы маусымнан бастап қызмет етіп келеді. Мансап жолында әртүрлі басшылық қызметтер атқарды. Бұған дейін Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болған.

Сонымен қатар ол ҚР Президентінің жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға