Жаңалықтар

Павлодарда полиция көпірде асылып тұрған ер адамды құтқарды

Павлодарда полиция көпірде асылып тұрған ер адамды құтқарды
Фото: polisia.kz 30.04.2024 06:38 277

Павлодар облысында полицейлер мас күйдегі адамды суицидтен құтқарды. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полицияға «Теміржол көпірінде ер адам асылып тұр» деген қоңырау түскен. Оқиға орнына автопатрульдердің экипаждары жіберілген. Тәртіп сақшылары ер адамның мас күйде екенін анықтады.

Біз дереу құтқару шараларын қабылдадық. Оның тағдыры бірнеше секундта шешілетін болды. Көпірден ер адамды тартып алу мүмкін емес екені түсінікті болды. Сондықтан біз тросты алып, оның көмегімен павлодарлықты қоршаудан алып шықтық. Адамды құтқару кезінде бізде бір мақсат болды – оның өмірін сақтап қалу, – дейді патрульдік полиция батальоны взводының командирі Еркебай Өтегенов.

Полицейлер жедел жәрдем көлігін шақырып, ер адамды дәрігерлерге тапсырған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға