Жаңалықтар

Павлодарда аулада пышақпен жүгіріп жүрген ер адам көршілерінің зәресін ұшырды

Павлодарда аулада пышақпен жүгіріп жүрген ер адам көршілерінің зәресін ұшырды
19.06.2023 10:17 844

Оқиға қаладағы Назарбаев даңғылы, 287 бойынша орналасқан жетінші кіреберісте болған. Бұл туралы @Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған үйдің тұрғындары әлеуметтік желіде ер адамның пышақпен жүгіріп жүргені туралы жазған. 

Сол жерде балалар алаңы орналасқан. Көршілермен жанжалдасқаны туралы бірнеше рет полицияға шағымданған едік, алайда ешқандай шара қабылданбайды. Көршілер қорқып қалды. Нені күтіп отырғаны белгісіз!  Біреу зардап шегуі керек пе? Мұндай адамды мәжбүрлі емге жатқызу керек! – деп жазды автор. 

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  1986 жылғы ер адам уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жатқызылған. Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ПАВЛОДАР ЖАЛОБЫ ПОДПИШИСЬ ↗️ (@zhaloby_pavlodar)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға