Жаңалықтар

Павлодарда 1 мамырдан бастап жаңа автобустар жолға шығады

Павлодарда 1 мамырдан бастап жаңа автобустар жолға шығады
Фото: Павлодар облысы әкімдігі/Валерий Бугаев 30.04.2024 21:37 208

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов пен қала жұртшылығына жаңа автобустар таныстырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жолаушыларды тасымалдаушы ірі павлодарлық - «№ 1 автобус паркі» ЖШС сыйымдылығы 25 орындық, жалпы сыйымдылығы 56 адамға арналған 1 санаттағы Isuzu 30 жаңа автобусын сатып алды.

Жаңа автобустар 1 мамырдан бастап № 115 және 126 бағыттар бойынша желіге шығады. № 115 бағытта - 10 автобус және № 126 бағытта 16 автобус жүретін болады, ал 4 автобус резервте болады. Қозғалыс аралығы 2 есе қысқарып, 10 минутты құрайды.

Жылжымалы құрам санатының өзгеруіне байланысты тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс бағыттарына аздап өзгеріс енгізілді:

- №115 бағыт Лермонтов көшесінен Торайғыров көшесіне дейінгі учаскеде М. Жүсіп көшесінен Ак. Бектұров көшесіне ауысады;

- №126 бағыт Бұқар жырау көшесінен Ак. Бектұров көшесіне көшіріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға