Жаңалықтар

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел қайтыс болды

Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші әйел қайтыс болды
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 26.06.2023 10:00 675

Оқиға 25 маусым күні сағат 17:30-да Астана-Шідерті автожолының 252 шақырымында болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Mercedes автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып қалып, оқиға орнында көз жұмды.

Көлікте кәмелетке толмаған екі жолаушы болған. Олар ауруханаға жеткізілді.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында екі көлік соқтығысып, салдарынан 3 адам зардап шеккенін хабарлағанбыз

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға