Жаңалықтар

Павлодар облысында полицияға жүзден астам шақырту түсті

Павлодар облысында полицияға жүзден астам шақырту түсті
Фото: Видеодан алынған кадр 01.01.2024 10:54 637

Павлодар облысында полицейлер жаңа жылдық кезекшілік кезінде жүзден астам шақыруды қабылдады. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

31 желтоқсанда  облыста жүздеген полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тәртіпті, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қорғады.

Автомобиль және жаяу патрульдер, бекеттер, учаскелік инспекторлар, кезекші бөлімдердің қызметкерлері және  бейнебақылау операторлары үшін — отбасылық мерекені тойлау кезінде өңір тұрғындары мен қонақтарының жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұрды.

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденов ел полициясына: жаяу әскер санын көбейтіп қана қоймай, тіпті ұсақ құқық бұзушылықтарға да "нөлдік төзімділік" қағидатын қамтамасыз ету міндетін қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға