Жаңалықтар

Оралда жолақы қымбаттайды

Оралда жолақы қымбаттайды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 05.10.2023 03:15 573

Оралда жолақы 120 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Қала әкімдігі қоғамдық көліктегі тариф құнын көтеру туралы арнайы порталға құжат жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір автобуста билет бағасы электронды түрде - 80 теңге, қолма-қол ақшамен - 150 теңге. Бұл жаңалыққа тұрғындардың дені қарсылық білдірді.

Бастапқыда біз бағаны 150 теңгеге дейін өсіруді ұсынғымыз келді. Бірақ әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескеріп, жолақыны 120 теңгеге дейін көтеруді ұсынып отырмыз. Себебі, тасымалдаушы кәсіпорындардың шығыны көп, жанармай қымбаттады, жүргізуші жетіспейді, қысқа дайындық нашар. Егер баға өссе, бұл мәселелер біртіндеп шешіледі, - дейді қала әкімінің орынбасары Асқар Кулбаев.

Ал әкімдіктегілер жолақыны көтеру амалсыздан жасалған қадам дейді. Шаһарда жолаушы тасымалдайтын 6 кәсіпорын бар. Соңғы алты жылда оларға берілетін субсидия 5 млрд теңгеге жеткен. Бірақ бұл қаражат тасымалдаушылардың шығынын жаппайтындығын түсіндірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға