Жаңалықтар

Новак Джокович теннистен әлем рекордын орнатты

Новак Джокович теннистен әлем рекордын орнатты
Фото: instagram.com/djokernole 06.09.2023 14:15 880

Әлемнің 2-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович 47-рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Н.Джокович бұл көрсеткіш жөнінен спорттағы мансабын аяқтаған швейцариялық Роджер Федерерді басып озып, жекедара көш бастады.

Нью-Йоркта АҚШ ашық чемпионатында сербиялық теннисші ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, америкалық Тейлор Фритцті 6:1, 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Осымен Джокович АҚШ чемпионатының жартылай финалына 13-рет өтіп отыр.

Новак Джокович финалға шығу үшін америкалықтар, әлемнің 10-ракеткасы Фрэнсис Тиафо немесе рейтингте 47-орында тұрған Бен Шелтонның біреуімен таласады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға