Жаңалықтар

Netflix Алматыға саяхат туралы реалити-шоу түсіреді

Netflix Алматыға саяхат туралы реалити-шоу түсіреді
Фото: ©El.kz/Алтынбек Қумырзақ 02.05.2024 15:49 311

Әлемге әйгілі Netflix ағындық платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда reality travel show түсірілімі туралы жариялады. Алматыда жобаның түсірілімі 20-30 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдік ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы өзінің reality travel show үшін орын ретінде Алматының әдемі таулары мен шынайы қырғыз табиғатын қалаған.

Almaty Tourism Bureau-да атап өткендей, Алматыда reality travel show түсірілімі ­– елдің танылуына және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал».

Netflix ­– жетекші ағындық платформа. Netflix аудиториясы бүкіл әлем бойынша жарты миллиардтан астам адамға тең. Netflix-тің ақылы жазылушыларының саны шамамен 270 млн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға