Жаңалықтар

Шымкент тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып жатыр

Шымкент тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып жатыр
Фото: Шымкент әкімдігі 02.05.2024 15:33 295

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ»  апталығы өтуде. Апталық барысында көптеген іс‑шаралар ұйымдастырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таңертеңнен басталған апталық аясында  қаладағы «Абай саябағында» «Ұрпақтар сабақтастығы» атауымен ата мен немерелерінің тазалық акциясына қатысуы жүзеге асты. Осындай үлгі мен даналықты дәріптеп, кейінгі жас ұрпақтың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл іс‑шараға қаладағы бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерлері - О.Рахманбердиев, Ш.Мырзахметов, К.Төлебаев, Б.Тұрғараев, Қ.Сыздықов, қаланың ардақты ардагерлері атсалысты. Жалпы «Ұрпақтар сабақтастығы» акциясына 500‑ге жуық адам қатысып, саябақтың тазалығына ерекше үлестерін қосты.

Шымкент тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып жатыр

Сурет: Шымкент әкімдігі

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Шымкентте көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгін «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай немерелерімізбен бірге саябаққа келіп, тазалық жұмыстарына қатысып жатырмыз. Өсіп келе жатқан балаларымызға, жастарға өнеге үлгі болсын деп атсалысып жатырмыз. Ал жастарымыз үлкендерге, қарияларға, ардагерлерге көмек көрсетіп, игі істермен айналысуда. Осыған үлкен алғысымды білдіремін, - деді О.Рахманбердиев.

Жалпы «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлер үйін тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіліп, құрмет көрсетілуде.

 «Өнегелі ұрпақ» акциясында «Достық ауласы» атты қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары өз аулаларын тазалау жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 1000‑ға жуық адам қатысты.

Шымкент тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып жатыр

Сурет: Шымкент әкімдігі

Акция қаладағы барлық бес аудан аумағында жүргізіліп, тұрғындар өз аулаларын тазалап, қоқыстарды шығарды.

Аталған іс-шараға тұрғындармен бірге отбасы және әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшесі – О.Тәжібаева, Қоғамдық кеңес мүшесі – Ж.Раев, қалалық мәслихат депутаты Л.Сүлейменов, «Бал Текстиль» ЖШС-нің директоры Т.Исхаков, Сайрам тұрғын алабының ауыл биі – Х.Толаметов, үй басқарушылары мен басқа да белсенді азаматтар қатысты.

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында бүгін барлығымыз бір кісідей жұмылып, өз аулаларымызды тазалауға шықтық. Бұл әрі тазалық, әрі өнеге, әрі игі іс. Сондықтан барша жұрт болып атсалысу баршамыздың міндетіміз деп есептеймін», - дейді Сайрам тұрғын алабының ауыл биі Х.Толаметов.

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және тағы басқа жұмыстар әрі қарай жүргізіліп, қарияларға құрмет жұмыстары жалғасуда.

Шымкент тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып жатыр

Сурет: Шымкент әкімдігі

«Өнегелі ұрпақ» акциясында «Бірлігіміз жарасқан» ұранымен Ассамблея жастары Әл Фараби ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерінің үйінде тазалық жұмыстарын жүргізді.

Ассамблея жастары ардагер Мосунова Нина Егоровнаның үйіне барып, ауласын тазалау, үйдің сыртын әктеу, қоршауларды сырлау, шөптерді ору, қоқыстарын шығару жұмыстарын жүргізді.

Шымкент тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып жатыр

Сурет: Шымкент әкімдігі

Аталған іс-шараға жастармен қатар, қала әкімінің орынбасары С.Құранбек, Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев, қалалық мәслихат депутаты Т.Сұлтанова және тағы басқа азаматтар мен қоғам белсенділері қатысып, Ұлы Отан соғысының ардагеріне ерекше құрмет көрсетті.

«Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Шымкентте қариялар мен ардагерлердің үйлеріне барып тазалау, шөптерді ору, қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу және тағы басқа жұмыстар әрі қарай жүргізіліп, қарияларға құрмет жұмыстары жалғасуда.

Шымкент тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып жатыр

Шымкент тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып жатыр

Суреттер: Шымкент әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға