Жаңалықтар

Медициналық пойыз Ақмоладағы Адыр стансасына аялдайды

Медициналық пойыз Ақмоладағы Адыр стансасына аялдайды
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 23.07.2023 21:50 396

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Ақмола облысындағы Адыр стансасына аялдап, жоғары білікті мамандар тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Медициналық пойыз Адыр стансасына 23 шілде күні сағат 22:41-де келіп тоқтайды.

Ал 24 шілде күні сағат 22:40-та келесі стансаға аттанып кетеді.

Медициналық пойыздың бағыты медициналық кабинеті жоқ аймақтарды қамтиды.

Осылайша, биыл шалғайдағы елді мекен тұрғындары терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр және басқа да салалар бойынша тегін тексеруден өтіп, емделуге мүмкіндік алды.

Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен жабдықталған.

Одан бөлек, сымсыз интернет байланыс құралдарымен қамтылған.

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызының мамандары 26 сәуір мен 17 шілде аралығында Алматы, павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарының 47 стансасының тұрғындарына кәсіби медициналық, заңгерлік және медиативті көмек көрсетіп үлгерді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға