Жаңалықтар

Екібастұзда екі балықшы суға батып кетті

Екібастұзда екі балықшы суға батып кетті
Фото: gov.kz 13.04.2023 20:00 1074

Екібастұз қаласының 112 пультіне Қ.Сәтбаев атындағы арнаның тоғызыншы сорғы станциясында 1953 және 1950 жылы туған екі балықшы мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына төрт сүңгуір-құтқарушыдан тұратын Екібастұз қаласы құтқару бөлімшесінің кезекші ауысымы аттанды. Құтқарушылар сағат 19:30-да сүңгуір құралдарын пайдаланып, жағалаудан 40 метр қашықтықта екі балықшының біреуінің денесін шығарды. Сағат 19:52-де жағалаудан 70 метр қашықтықта екінші балықшының денесі шығарылды, - деп мәлім етті Павлодар облысының жедел құтқару жасағы.

Құтқарушылар балықшылардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды және мұздың үстіне шықпауға кеңес береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға