Жаңалықтар

Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының чемпионы Сәрсен Жетібаевқа облыс әкімі құрмет көрсетті

Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының чемпионы Сәрсен Жетібаевқа облыс әкімі құрмет көрсетті
Фото: Павлодар облысының әкімдігі 12.11.2023 17:21 475

Грэпплингтен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарының чемпионы Сәрсен Жетібаевқа құрмет көрсетілді. Павлодар облысының әкімі жеңіске жектен спортшыны құттықтап, сый-сыяпаттарды табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Таяуда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында 16 спорт түрінен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындары өткен болатын. Оған 80 елден 3000-нан астам спортшы қатысты. Қазақстан атынан спорттың 9 түрінен 53 спортшы қатысты.

Аталған сында 71 келіде павлодарлық Сәрсен Жетібаев үздік атанды. Ол 3 жекпе-жек өткізіп, грэпплингтен Дүниежүзілік жекпе-жек ойындарында чемпион атанған тұңғыш қазақстандық. 1/4 финалда жерлесіміз Венгриялық спортшымен кездесіп, 1/2-де Украиналықтан басым түсті, ал, финалда өзбек спортшысын қапы қалдырған еді.

Өңір басшысы спортшыға қол жеткізген нәтижемен тоқтап қалмай, алдағы халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетуді тілеп, 500 мың теңгеге ақшалай сертификат табыс етті. Сондай-ақ, чемпионды дайындаған жаттықтырушы - Заирбек Абылкадыровқа 300 мың теңгеге сертификатын тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға