Жаңалықтар

Digital Almaty 2024: цифрлық форумда не айтылды

Digital Almaty 2024: цифрлық форумда не айтылды
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 01.02.2024 21:36 742

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Digital Almaty 2024 Халықаралық цифрлық форумына қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«INDUSTRY X: БОЛАШАҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ ЭВОЛЮЦИЯСЫ» Digital Almaty 2024 Халықаралық цифрлық форумы аясында «Индустрияның цифрлық трансформациясы» панельді отырысы өтті. Спикер ретінде оған вице-министр Жәннат Дүбірова қатысты. Талқылаудың негізгі тақырыбы – ­өнеркәсіп кәсіпорындары үшін Индустрия 4.0 технологиясының артықшылықтары.

Индустрия 4.0 – бұл ақпараттық технологиялар мен өндірісті біріктіру арқылы оның тиімділігін арттыратын өндіріске деген жаңа көзқарас, – деп атап өтті өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова.

Сондай-ақ ол Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі цифрландыруды жеделдету мақсатында кәсіпорындарды қаржылық жағынан да қолдайтынын айтты. Соның ішінде кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында IT-шешімдерді енгізу шығындарының 50% бірлесіп қаржыландыру жоспарлануда. Ал 8 кәсіпорынның 183 млн теңгеден астам сомаға шығындары өтелді.

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, «Цифрлық технологияларды пайдаланатын өңдеуші өнеркәсіптегі ірі және орта кәсіпорындардың үлесі» 12,9%, ал жоспарлы көрсеткіш 11% құрады. Сессияда вице-министр Индустрия 4.0 технологиясын енгізу үшін қабылданған шаралар туралы да атап өтті. Технология элементтерін енгізу мақсатында Концерн Siemens және IDC сияқты шетелдік сарапшыларды шақыртып, топ-менеджерлер мен басшыларды оқыту жұмыстары жүргізілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 311 менеджердің қатысуымен 22 іс-шара ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, вице-министр өнеркәсіпті цифрландырудың басты алаңы digital.gazindustry.gov.kz және жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай цифрлық платформасы minerals.gov.kz. порталдары жайлы мәлімдеді. Ал сөз соңында Ж.Дүбірова министрліктің өнеркәсіптің Ұлттық ақпараттық жүйесін құру туралы жоспарларын бөлісті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға