Жаңалықтар

БҚО-да екі жігіт экспедиторды тонады

БҚО-да екі жігіт экспедиторды тонады
Фото: polisia.kz 03.04.2023 10:12 778

 Екі жас жігіт  Мичурино ауылында зорлық-зомбылық көрсетіп, экспедитордан 1,8 млн теңге сомасында ақшасы бар пакетті тартып алған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

1990 жылы туған жәбірленуші шабуылдаушылар бетперде киіп, оның бетіне бірнеше рет соққы бергенін хабарлаған. Ақшаны тартып алғаннан кейін, қарақшылар оқиға орнынан ВАЗ 2115 көлігімен бой тасалаған.

1996 және 1997 жылы туған күдіктілер ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды.

ҚР ҚК 191-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға