Жаңалықтар

Айгүл Иманбаева Лондонда оқып келді

Айгүл Иманбаева Лондонда оқып келді
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva 10.05.2024 14:51 423

Белгілі әнші, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Айгүл Иманбаева Анлгиядағы оқуын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Болашақ» бағдарламасы арқылы Лондонда тәлім алған әнші көпшілікке дипломын көрсетті.

Менің Лондонға оқуға келгеніме көзді ашып-жұмғанша бір жыл болыпты. Елге қайтатын уақыт та келді. Иә, Англия елін сағынамын. Себебі өремнің өрісін кеңейтіп, білімімді шыңдап, жақын дос, орта тауып, үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, өнерге осында алған біліміммен әрі қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын. Айтпағым: сіздерден сүйіншілетіп, алған дипломымды көрсетіп, қуанышымды бөлісейін дегенім еді. Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес. Әлемнің есігі қай жаста да, кімге де болса ашық, – деп жазды Айгүл Иманбаев

Өнер иесін әріптестері мен тыңдармандары жаппай құттықтап жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға