Жаңалықтар

Атырауда екі бойжеткеннен есірткінің 300-ге жуық дозасы табылды

Атырауда екі бойжеткеннен есірткінің 300-ге жуық дозасы табылды
Фото: Видеодан кадр 25.01.2024 03:20 469

Атырауда екі бойжеткен жасырын тығу әдісі арқылы синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Күдіктінің екеуі де ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы мен Павлодар облысының 25 пен 22 жастағы тұрғындарын Атырау облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және Экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барсында қала аумағында ұстаған.   

Оқи отырыңыз: 

Күдіктілердің тұрғын үйін тексеру кезінде 1 дана орама және қала аумағында жасырын тығылған 29 орама тәркіленген.
Сараптама қорытындысымен алынған 1 дана орама заттың құны 5 млн теңгені құрайтын 300-ге жуық доза болатын а-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды.

  • Тексеру жұмыстары кезінде күдікті қыздардың Атырау қаласына 2023 жылдың қараша айында синтетикалық есірткі сататын интернет дүкеніне жұмысқа орналасу мақсатында келгені белгілі болды. Қазіргі уакытта күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде деп мәлімдеді облыстық Полиция департаменті.
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau)

  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға