Жаңалықтар

Астанада балалар автобуспен 86 млн-ға жуық рет тегін қатынаған

Астанада балалар автобуспен 86 млн-ға жуық рет тегін қатынаған
Фото: ©El.kz/Мади ИСКАКОВ 28.03.2024 21:08 356

85 988 426 сапар. 2020 жылдың 28 наурызынан бүгінге дейін 18 жасқа дейінгі жолаушылар тегін қатынаған. Бұл туралы CTS компаниясына сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында мектеп оқушылары көктемгі демалыстан шығады және автобуста мектеп көлік картасын валидациялаудың маңыздылығын естеріңізге саламыз.

Автобуста картаны валидациялау:

- автобустар санын көбейтуге, маршруттарға бөлуге, жаңа бағдарларды іске қосуға, жолаушылар ағынын көруге септеседі;

- қажет болған жағдайда, баланың сапарларын қадағалауға көмектеседі. Әсіресе бұл баланың қауіпсіздігі үшін маңызды.

Құрметті ата-аналар! Сіздерден балалардың қоғамдық көлікпен жүрер алдында мектеп көлік картасының бар-жоғын қадағалауды сұраймыз, - делінген CTS компаниясының хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға