Жаңалықтар

Ақтөбелік құтқарушы су басқан аумақтан 3 адамды құтқарды

Ақтөбелік құтқарушы су басқан аумақтан 3 адамды құтқарды
Фото: ТЖМ 27.03.2024 11:15 521

Су тасқыны кезеңінде құтқарушылардың күшімен Ақтөбе облысының аумағында бірнеше авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысының Темір ауданындағы су тасқынына қарсы жұмыстар кезінде Темір ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Аспан Нұржан өз арқасында су басқан аймақтан 2 бала мен 1 әйелді шығарып, қауіпсіз жерге көшірді. Тұрғындар оқшауланып, барлық жағынан сумен қоршалып қалған.

Сондай-ақ Ақтөбе қаласында көктемгі су тасқыны кезінде медицина қызметкерлері қиыншылыққа тап болып, су тасқынының салдарынан үй-жайдан шыға алмай қалған. № 23 ӨСБ құтқарушылары Айбат Асабаев, Құмар Мәжен, Жүсіпек Әбілсейітов жедел шақыртуға шыға алмай қалған көмекке мұқтаж медицина қызметкерлерін ұзақ күттірмей, оларды қауіпсіз аймаққа алып шықты.

Қазіргі уақытта өңірде су тасқынына қарсы су айдау, инертті материалдар мен қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақтөбелік құтқарушы су басқан аумақтан 3 адамды құтқарды

Фото: ТЖМ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға